Утильалым төмендесе де көлік арзандамайды

408

Қазақстанда утилизациялық алым мөлшері тым үлкен. Әлем елдерінде шамамен 40-50 мың болса, бізде 487 мыңнан басталады. Алайда Утильалым төмендесе де көлік 2 есе арзандамауы мүмкін.

Экономист, сарапшы Сәбит Рысбаев өзінің Есен Елеукенге берген сұхбатында осы туралы айтып берді.

«Бізде көлік бағасының екі есе арзандауы мүмкін емес. Бірақ утилизациялық алым көлемі төмендесе, яғни басқа елдердегідей 50 мыңның шамасы болса, әлемде көлік 20%-ға қымбаттаса, бізде де солай ғана қымбаттар еді. Ал қазір әлемде 20%-ға қымбаттаса, бізде алым-салықтың кесірінен 60-70%-ға қымбаттап отыр», дейді сарапшы.