Кеше елордада 240-қа жуық жұп неке қию рәсімін өткізеді.

«Сандары сәйкес мұндай күндер жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Жас жұбайларға отбасылық бақытты өмір, берік неке тілеймін! Бұл күн оларға сәттілік пен амандық әкелсін!» – дейді Есіл ауданы әкімдігінің АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.

Айта кету керек, соңғы жылдары елордада ресми түрде некесін тіркейтін жаңа отбасылардың саны үнемі өсіп келеді. 2020 жылы 9 571 жұп некесін қиса, 2021 жылы – шамамен 12 мың.

Бүгінгі таңда жас жұбайлардың орташа жасы 26-28 жасты құрайды, ал 4-5 жыл бұрын ол 22-23 жас болатын. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге 50-60 және тіпті 70 жастағы үлкен кісілер де бар.