Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автокредит бағдарламасының шарттарын айтты.

Склярдың айтуынша, 100 миллиард теңге отандық көлікті сатып алуға арналған жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бөлінеді.

«Автокредиттің жылдық мөлшерлемесі 4 процент болады. Алғашқы жарнасыз. Кредиттің мерзімі – 7 жыл. Жеңілдетілген автокредит қымбат емес көліктерге берілетіні  түсінікті шығар. Осылайша, 71 мың адам жаңа көлікті қолжетімді бағамен ала алады», деп атап көрсетті Скляр.

Бұған дейін автокредит бағдарламасының жылдық мөлшерлемесі 7 пайыз, ал мерзімі 7 жыл болған. Ал алғашқы жарнасы – 20 пайыз болған.