Алматы тұрғындарының кейбір санатына 2022 жылы атаулы және мереке күндері қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай төлем алатын тұрғындар:

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (олардың мәртебесі «ардагерлер туралы» заңмен белгіленеді) – 500 мың теңге;

ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге – 100 мың теңге;

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің жесірлеріне беріледі. Бұл жағдайда қайтадан отбасы құрмаған әйелдер жесір деп саналады.

Оларға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді; Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде соғысқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жесірлеріне 100 мың теңге.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысып, кейін ақталғандарға төлем жасалады. Оларға 150 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Басқа мерекелер

Сондай-ақ келесі мерекелерге 1 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған:

Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

Астана күні – 6 шілде;

Конституция күні – 30 тамыз;

Қазақстанның Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан.

Бұл көмек тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы отбасыларға ғана көрсетіледі.

Бөлінетін сома тұрғын үй сатып алуға арналған, оны «Отбасы банкінің» шотына аударады.