БҚО тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Басқа ақпараттар

Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Жантүршігерлік оқиға Шыңғырлау ауданында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жәбірленуші қыздың әкесі полицияға арызданған. Оның айтуынша, 2 қаңтар күні ер адам кәмелетке толмаған қызын алдап өз үйіне апарып, зорлық жасаған, деп хабарлайды Jas.kz Мой город ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің өндірісінде, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу амалдарының нәтижесіне қарай шешіледі», – деп хабарлады ведомстводан.

Полиция департаменті істің басшылықтың ерекше бақылауында екенін атап өтті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз