Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Талдықорғанда мемлекеттік қызметшілер тіл байқауында бақ сынасты

Басқа ақпараттар

Талдықорғанда «Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» атты байқау ұйымдастырылды. Шарада қалалық әкімдіктің әр саласы бойынша үш маманнан құралған «Аппарат-2050-ге апарады», «Жалын», «Мәңгілік тіл», « ЭКСПО», екі ауылдық округтің «Еркін» және «Өтенай қырандары» топтары өзара бақ сынасты.

Байқау сәлемдесуден басталды. Одан кейін қатысушылар «Жер-судың аты — тарихтың хаты» кезеңінде танымал жерлердің суретіне қарап, оның атауын анықтап, тарихына тоқталды. Тапсырманың «Қазақ сөзі» де оңай болмады, қанатты сөздерді аяқтау ұсынылды. Ал «Мәңгілік ел — Мәртебелі тіл» бөлімінде командалар сахналандырылған музыкалық қойылымдарды көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды әлеуметтік сала бөлімдерінен шыққан «ЭКСПО» командасы иеленсе, екінші орынды қала әкімі аппаратының «Аппарат 250-ге апарады» командасы қанжығалады. 3-орынды Еркін ауылдық округі әкімдігінің командасы жеңіп алды.

Қатысушыларды алда келе жатқан ҚР Мемлекеттік қызметкерлері күнімен  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев құттықтап, алдағы жылдары бұл байқауды бұдан да биік дәрежеде өткізуге тілектестік білдірді.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img