Вторник, 3 декабря, 2024
No menu items!

Қазіргі Чернобыльдің жағдайы қандай?

Басқа ақпараттар

1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль АЭС-да тарихтағы ең ірі техногенді ядролық апат болды. Украина, Ресей, Белорусияның 160 мың шақырымнан астам жері радиактивтік зақым алды. Ал, Украинада радиациялық қауіпті 30 шақырымдық «Чернобыль аймағы» пайда болды.

Чернобыль апатынан соң бұл жерден адамдар көшірілген. Дегенмен, 23 жылдан соң, бұл мекенді жануарлар мекендей бастады. Чернобыль аймағында адамзаттың қарауына мұқтаждар жоқ. Керісінше, жануар әлемі қайта жанданып, көбеюде.

Бұл жақтан сұр тырна, бүркіт, үйрек, қара дегелек, т.б құс түрлерін таба аласыз. Сонымен қатар үкінің бірнеше түрі мен жарқанаттардың сирек түрі жергілікті фаунаны түрлендіреді. Тіпті аталғандардың кейбірі Украина жерінде соңғы 50 жылда кездеспеген, қазір қайдан пайда болғаны беймәлім.

Түлкілер, қояндар, кәмшаттар, ондатрлар, еліктер, керқұландар мен аю бұл жерді мекен етпеген екен. Барлығының қорек көзі – құрт-құмырысқалар мен балықтар.
Сөйтіп қайдан келсе де, бұл жерде флора да дамуда.

Аңшылар қасқырларды аулағанда, жануарлардың мықты, етті, үнемі тойып жүретінін айтады. Қарындарынан қабанның қалдықтары табылыпты.

Бір өкініштісі бұл мекеннен мысықтектестерді кездестіру өте қиын. Бастапқыда радиациямен уланған мысықтар ауыра бастаған, кейін мүлде жойылып кеткен. Сол себептен, бұл жақта тышқандар жайылған екен.

Жалпы Чернобыль аймағы, біз ойлағандай, мутанттар мекені емес. Қолайсыз радиактивті сәулелерге төзімді жануарлар көбеюде, өмір сүруде. Бұл – апаттың қаншалықты қауіпті болғанына қарамастан, барлығы өз қалпына жылдам келе алатындығының дәлелі. Сонымен бірге табиғат бәрін өз орнына келтіріп, өмір қайта жалғаса алатынының белгісі.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Тимур «Акула» Серікұлы Семей қаласында өтетін Naiza 70 турнирінде өнер көрсетеді

Оның қарсыласы корейлік Ли Се Кун болады (5-4). Корей спортшысы өзінің соңғы жекпе-жегін Naiza-да Нұрбек Қабдрахмановқа қарсы өткізіп, үшінші раундта...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img