Аралда демалу барлығының арманы. Дегенмен, мыңдаған аралдың ішінен жақсысын табу өте қиын. Тау етегінде орналасқан, күннің батуы ерекше әдемі, халқы қонақжай аралды қайдан табуға болады? Назарыңызға Шотландияның мақтаулы аралдарын ұсынамыз.
Isle of Skye
Скай – Шотландияның көлемі жағынан екінші аралы. Ішкі Гебридтер архипелагына кіретін Шотландияның батысындағы арал туристерді әдемі тау шатқалдарымен баурайды. Аралдың ең биік нүктесі – теңіз деңгейінен 993 метр биіктіктегі Скур-Аласдайр тауы. Портри деп аталатын қала аралдың басты орталығы болып есептеледі. Түрлі-түсті үйлерімен аралға көрік берген қаладан түрлі дәмханалар мен мейрамханалар таба аласыз.
Hoy
Хой аралы – Оркней архипилагындағы үлкен аралдың бірі. Аралдың басты көрікті жері солтүстік-батысындағы Олд-Ман-оф-Хой тауы болып табылады. Ғалымдардың пайымдауынша, үнемі сумен шайылып тұратын тау құлап құлауы мүмкін. Аралдың солтүстік бөлігінде ұлттық саябақ болса, басқа бөліктерінде емдік шөптер алқабы бар.
Mull
Шотландияның батысындағы ішкі Гебрид архипелагының Малл аралы. Қала архитектурасы өте ерекше.Шотландиялық барон стиліндегі Тороссэй қамалы (Torosay Castle) мен Маклейн тайпасының қорғаны болған Дюарт (Duart Castle) аралдың басты ғимараттары болып табылады.
Islay
Ішкі Гебрид архипелагының оңтүстігіндегі Айлей аралы ирландия жағажайынан 40 км қашықтықта орналасқан. Аралдың жағажайға жақындығы соншалық, тіпті қолайсыз ауа-райында да көрші мекенді оңай көруге болады. «Ардбег», «Боумор» және «Баннахавейн» маркаларының шараптары дәл осы Айлей аралынан шығады.
Lewis and Harris
Жазықтағы Льюис пен қырдағы Харрис аралдары Британия аралдарындағы көлемі жағынан үшінші үлкен аралдар. Архипелаг халқы кельт мәдениетін әлі күнге дейін құрметтейді, оған қоса халықтың жартысы шотланд (кельт) тілінде сөйлейді.