Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Басқа ақпараттар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды Jas.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Оның жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады.

«Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады«, — делінген ресми хабарламада.

 

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз