Пятница, 11 октября, 2024
No menu items!

Данат Жумин: тек бір адамды кінәлауға болмайды

Басқа ақпараттар

Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасында саясаттанушы, белгілі қоғам белсендісі Данат Жумин Тұңғыш президент өз пікірін білдірді.

«Тұңғыш Президент күнін алып тастады. Шынымды айтсам, бұл туралы керағар пікірдемін. Тұңғыш Президент — тарихи тұлға. Еліміз үшін талай жақсылық жасағанын жоққа шығаруға болмайды. Бізде онсыз да көп мерекеміз бар. 1 желтоқсан күнін мереке күндерінен алып тастағаннан мағына таппадым. Мысалы қараңызшы, соғыстан қашып келген ресейліктерді: «Олар осы уақыт бойы өздерінің Президенттерін қолдады, соғысқа олардың да қатысы бар» деп айыптап жақтырмаймыз. Дәл сол сияқты отыз жылдың ішінде неге тек бір адам кінәлі болу керек? Кейбір тұста, бұл үшін барлығымыз жауап беруіміз керек. Проблемалардан бөлек, жақсылықтарын да айту керек деп есептеймін. Елбасының ең үлкен жетістігі — шекарамызды шегендеп, аумағымызды сақтап қалғанында деп ойлаймын. Бұл — үлкен жетістік. Қазіргі геосаяси жағдайды, көршілеріміздің қырғиқабақ қақтығыстарын көріп отырсыздар. «Отыз жылдың ішінде тек жамандық көрдік» деу ағаттық»,-деді ол.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img