Басты бет Жаңалықтар Серік Жарасбаев Павлодар облысы тұрғындармен кездесті

Серік Жарасбаев Павлодар облысы тұрғындармен кездесті

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Павлодар облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиынға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, спортшылар, жаттықтырушылар, БАҚ өкілдері және басқа да тұлғалар қатысты.

Кездесу барысында министрдің орынбасары министрліктің туризм және спорт саласындағы негізгі бастамалары, сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңартылған заң жобасы туралы баяндады.

Серік Жарасбаев Мәжілісте бірінші оқылымда қабылданған жаңа заң жобасына балалар мен бұқаралық спортты дамытуға, қаржыландырудың ашықтығын арттыруға және ұлттық спорт түрлерінің рөлін нығайтуға бағытталған маңызды өзгерістер енгізілгенін атап өтті. «Спорт саласында ресурстарды ашық және әділ бөлу – чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеуге және барлық ел азаматтарына қолайлы жағдай жасауға негіз болады», – деді ол.

Кездесу барысында 2025 жылы спорт мектептерінде жан басына шаққанда қаржыландырудың пилоттық жобасын енгізу жоспарланып жатқаны айтылды. Жиынға қатысушылар облыстың спорт инфрақұрылымын дамытудағы жаңа тәсілдерге қызығушылық танытты.

Серік Жарасбаев Павлодар облысында 24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейтінін, онда 24 356 оқушы жаттығатынын және министрлік Дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын (E-sport) іске асыруды жалғастырып жатқанын айтты. Аталған платформа саланы модернизациялауда маңызды қадам болмақ.

Exit mobile version