Қазақстанда шығарылатын жаңа автомобильдер, комбайндар мен тракторлар кәдеге жарату алымынсыз сатылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты.
Вице министрдің айтуынша, кәдеге жарату алымы автоөнеркәсіпті тікелей қолдау үшін енгізілген деген пікір де шындыққа жанаспайды.
«Кәдеге жарату алымы автоөнеркәсіпті тікелей қолдау үшін енгізілген деген жаңсақ пікір бар. Жинақталған қаражаттан отандық зауыттарға белгілі бір субсидиялар төленеді деп айтылады. Бұл шындыққа жанаспайды. Өндірушілерге шын мәнінде, кәдеге жарату бажы ретінде бұрын өздері төленген қаражаты беріледі. ДСҰ талабы бойынша өндіруші импорттаушылар сияқты кәдеге жарату алымын төлеуге міндетті. Бірақ, бізде төленген ақшасы кері қайтарып беріледі. Бұл елімізде өндірілген автомобиль бағасының тұтынушы үшін өспеуі үшін жасалды», — деп түсіндірді М.Қарабаев.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда шығарылатын жаңа автомобильдер, комбайндар мен тракторлар кәдеге жарату алымынсыз сатылады.