Академиялық адалдық лигасы «Атамекен» ҰКП деректері негізінде Қазақстан жоғары оқу орындарының бас рейтингісін таныстырды. Деректер интерактивті аналитикалық мәліметтер тақтасы (дешборд) түрінде ұсынылған, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл сайын кəсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарына келесі критерийлер бойынша бағалау жүргізеді: түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы, медианалық жалақы көрсеткіші жəне білім беру бағдарламасының сапасы.

Білім сапасы бойынша үздік ондықтың қатарына келесі жоғарғы оқу орындары кірді:

1. М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті

2. Қазақстан-Британ техникалық университеті

3. КИМЭП Университеті

4. М.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

5. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

6. Алматы менеджмент университеті

7. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

8. Астана медициналық университеті

9. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

10. Қарағанды медицина университеті.