Биыл 22 ақпандағы жағдай бойынша такси қызметі қымбат елдер рейтингінде (1 шақырымға қайта есептегенде) Қазақстан 108 елдің арасында 96-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қаңтар қорытындысы бойынша елде такси қызметінің бағасы бір жылда 7,1% өскен.
Түркістан облысында бір жылда такси қызметі 28,2% қымбаттаған. Сондай-ақ Қостанай (бір жылда плюс 16,5%) және Маңғыстау (бір жылда плюс 14,7%) такси бағасы айтарлықтай көтерілген.
Батыс Қазақстан облысында баға айтарлықтай өзгермеген – бір жылда 0,8%.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда және Атырау облысында сектордағы баға бір жылда өзгерген жоқ.
Биыл қаңтарда такси қызметінен түскен кіріс 324,7 млн теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 25,1% артық.
Сектордағы ең жоғары кіріс Қарағанды облысында тіркелді: 142,2 млн теңге. Бұл көрсеткіш бойынша үздік үштікке елорда мен Алматы енді.
2022 жылғы қаңтарда такси қызметін 161,5 млн жолаушы пайдаланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6% артық.
Такси жолаушыларының басым бөлігі Алматыда: 58,9 млн адам, бір жылда плюс 6,9%.
Үздік үштікке Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары енді, аутсайдер – Ақмола облысы.