ҚР БҒМ «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы бұйрық жобасын жариялады. Биыл аталған байқауға құжаттар 2 мамыр мен 7 қазан аралығында қабылданады, ал байқаудың өзі 16 мамыр мен 30 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды Elorda.info.
Бұйрық жобасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша 2022 жылы шетелде оқуға болатын мәндес мамандықтар тізімі ұсынылған.
Мәндес мамандықтар арасында үміткер мамандығының атауы болмаған жағдайда мамандықты мәндестігіне қарай қарауды және үміткерді конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады, – делінген құжаттың қосымшасында.
Сондай-ақ бұйрық жоабсында оқу елі ретінде Германияны таңдаған үміткерлер үшін мәндес мамандықтың атауы тізбедегі басым мамандықтың атауымен сәйкес келуі тиістігі көрсетілген.