Еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы бүгін, 24 наурызда Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын Талғардағы ұлттық құраманың базасында болады.

Айта кетсек, жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде кезекті ойынына дайындықты 18 наурыз күні бастады.

Қайрат Нұрдәулетов жетекшілік ететін құрама Қырғызстан олимпиадалық құрамасымен жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр.

Кездесудің басталуы елорда уақытымен 17:00-ге белгіленген. Екі жақтың келісімі бойынша ойыннан тікелей көрсетілім болмайды.

Айта кетейік, Қазақстан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 29 наурызда Шотландиямен кездеседі.

Еске салсақ, іріктеу турнирінде Қазақстан жастар құрамасы I тобында Бельгия, Дания, Шотландия және Түркиямен сынға түсуде.

Айта кетер болсақ, бүгін футболдан Ұлттар лигасында өтпелі ойында Қазақстан мен Молдова кездеседі.