Басты бет Жаңалықтар Талдықорғанда «Жетісу бөрісі» өтіп жатыр

Талдықорғанда «Жетісу бөрісі» өтіп жатыр

Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында «Жетісу бөрісі» облыстық турнирі өтіп жатыр. Оған аудан, қалалардан іріктеліп, жүлдегер атанған 38 балуан қатысуда.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтап, оларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Жарыс қорытындысы шығарылып, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Алматы облысының намысын кім қорғайтыны белгілі болады.

Exit mobile version