Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Басқа ақпараттар

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, шешім инфляцияның төмендеу қарқыны, оның негізгі факторлары және тәуекелдер теңгерімі ескеріле отырып қабылданған. Жылдық инфляция қатарынан тоғыз ай бойы баяулап, маусым айының қорытындысы бойынша 10,3%-ды құрады. Бұған ақша-кредит саясатының нәтижесі, теңгенің нығаюы, тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы және Үкімет пен Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы шаралары әсер еткен.

Сонымен бірге Ұлттық Банк инфляциялық қысым толық жойылмағанын атап өтті. Атап айтқанда, қызмет көрсету саласындағы баға өсімі сақталып, халықтың инфляциялық күтулері әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Сондай-ақ жанар-жағармай бағасының ықтимал өсуі мен тұтынушылық белсенділіктің артуы негізгі тәуекелдердің қатарында.

Ұлттық Банктің дерегінше, биылғы қаңтар–маусым айларында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік және сауда салаларында жоғары өсім байқалған. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,6%-ға артқан.

Ведомство сыртқы факторлардың да ықпалын ескерген. Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал, әлемдік инфляция және мұнай нарығындағы құбылмалылық белгісіздік деңгейін жоғары күйінде сақтап отыр.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша алдағы шешімдер алдын ала белгіленбейтінін мәлімдеді. Олар инфляцияның, ішкі сұраныстың, инфляциялық күтулердің, жанар-жағармай бағасының және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерісіне қарай қабылданады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, негізгі мақсат – баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инфляцияны орта мерзімді кезеңде 5% деңгейіне дейін төмендету.

Соңғы жарияланымдар

Астанада аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті

2026 жылғы 24 шілдеде Астанада электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемесі (eVTOL) негізіндегі аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті. Сынақ ұшуы «Қазанат»...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз