Сауатты жастардың шетелге кетуінің себебі неде?

148

Есен Елеукен Yesti Podkast – та Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешовқа «Жастарымыз шет елге кетіп жатыр. Біз қай жерде қате жібердік?», деп сауал қойды.

Нұрлан Өтешовтың айтуынша, жастардың шетелге кетіп жатқанын мәселе тұрғысынан емес, мүлдем басқа жағынан алып қарауға болады.

«Ең алдымен, Өзбекстанда жасалған үндеу жайлы айтып өтейін, шамамен екі жыл бұрын өзге елге кеткен өзбектерге «үйге қайтыңдар, елді жаңадан құрамыз, көркейтеміз» деген үндеу жасалды. Мен көп байқадым, олар расымен елдеріне көшіп жатыр. Мысалы олар 20-30 жыл ішінде Ресейде, Қазақстанда құрылыс саласында еңбек етіп, конпетенциялары күшейді. Бізден қаражат, тәжірибе алды, барлық қателерді өзге елде жасады. Енді өз елдеріне барғанда қателіктерін қайталамайды. Біздің шетелге кетіп жатқан жастар да солай. Олар құрылысқа, көше тазалауға кетіп жатқан жоқ. Батысқа кететіндер програмистер, өте сауатты жастар. Менің ойымша олар сол жақтан тәжірибе жинап, аттары шығып, өздеріне сұраныс артқанда, елге қайтып келеді», дейді ол.

Оның айтуынша, қазақ шетелге барған кезде өзінің қазақ екенін мақтан тұтады, өзінің «қазақ» екенін қаттырақ сезінеді.

«Неге жастар шетелге кетіп жатыр? Себебі біздің мамандарға сұраныс бар. Мысалы тіпті шоу-бизнесті алсақ, бізде талантты жастар көп және оларға шетелде сұраныс бар», дейді ол.