Суббота, 21 декабря, 2024
No menu items!

ҰБТ тапсырушының қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылады — БҒМ

Басқа ақпараттар

Қазақстанда қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды. Қатысушылардан 104 мыңға жуық өтінім түсті. Ұлттық бірыңғай тестілеу 2022 жылдың 22 ақпанына дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін ҰБТ-ны 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізу жоспарланған болатын. Алайда, елде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты мерзімі кейінге шегерілді. Қажеттілігіне қарай тестілеуге қосымша күндер енгізілді.

Биыл министрлік талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін, сондай-ақ тестілеу тапсыру процесінің ашықтығы мен транспаренттілігін күшейту үшін бірқатар өзгеріс енгізді.

«Мысалы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге 2022 жылы қосымша уақыт берілді. Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған талапкерлерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек қосымша 40 минут беріледі. Яғни, олар ҰБТ-ны 4 сағат 40 минут ішінде, басқаларға қарағанда ұзағырақ тапсыра алады. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. Бұл өзгерістер ҰБТ тапсыруды айтарлықтай жеңілдетеді», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тестілеу «1 компьютер — 2 камера — 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Оқуға түсушінің тест тапсыру орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылады. Фронталды веб-камера талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қағидат емтихан тапсыру барысына бақылау жүргізу және тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Тапсыратын пәндер саны өзгерген жоқ – екі бейінді және үш міндетті пән қамтылады. Тест тапсырмалараның саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы – 20 және екі бейінді пәннен 35 тапсырмадан беріледі. Тестілеуді өткізу уақыты – 4 сағат (240 минут). ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.

Тестілеуге кірер кезінде қолмен тексеретін және рамалық металл іздегіштер қолданылады. Бұл талапкерлердің қауіпсіздігі үшін, ережелерді бұзудың және тыйым салынған заттарды (телефондар, шпаргалкалар және т.б.) алып өтудің алдын алу үшін де қажет.  Қатысушылардан тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу автоматты түрде тоқтатылады.

Тестілеу кезінде мобильді және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады. Ол аудиторияның (компьютерлік сыныптың) және бейнебақылау камераларының ауданына байланысты жұмыс істейді.

ҰБТ-2022 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану және ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Айта кетсек, қаңтар айындағы ҰБТ қорытындысы бойынша ақылы негізде оқуға болады. Түлектер жазғы тестілеу негізінде грантқа үміткер бола алады.

Сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап қатаң сақталады.

Білім және Ғылым министрлігінің ресми сайты

Соңғы жарияланымдар

Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз