Суббота, 19 апреля, 2025
No menu items!

Алматы облысында классикалық ат спортынан жарыс өтті

Басқа ақпараттар

Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін классикалық ат спорты түрлері елімізде енді ғана дамып келеді. Алматы облысы Ақбұлақ шатқалында конкурден ел Президентінің кубогы жолындағы жарыс өтті.

Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің спортшылары қатысып жатқан сынның 2 кезеңдік қортындысы бойынша өзбектер алда келеді. Камира есімді сәйгүлікті тізгіндеген Ақыл Сабыржанов кедергілердің барлығынан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанса, оның отандастары Үміт Камилов екінші, Ринат Галимов үшінші орынға иелік етті.

Ресейлік Наталья Шилованың да алғашқы сайыста бағы жанды. Командалық жарыста мықтылар анықталды. Александр Тишков бастаған Қазақстан құрамасы қырғыздарды алға жіберіп, екінші орыннан көрінсе, өзбектер қола жүлдені қанағат тұтты. Осы жарыста топ жарған командалар әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

Әнуар Мәлік, ҚР ат спорты федерациясының бас хатшысы: -Жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Тіпті Ресей мен Украинадан келген төрешілер де ұйымдастыру деңгейін бас бармақпен бағалап отыр. Жалпы Орталық Азияда жасыл шөбі бар мұндай алаң тек бізде ғана. Басқа елдерде жарыстар құмда өтеді. Сондықтан алдағы уақыттары біздің спортшылар әлемдік жарыстарда бой көрсетеді деген сенім басым.

Соңғы жарияланымдар

Алматыда Жайдарман ойындарының «Креатив маусымы» басталды

Ағымдағы жылдың 25 наурыз күні әсем қаламызда «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ еліміздің танымал жайдарман топтары арасында арнайы Республикалық Алматы...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз