Басты бет Жаңалықтар Рухани Астанада жайдарманның үздіктері анықталды

Рухани Астанада жайдарманның үздіктері анықталды

Түркістан облысында  қазақстандық үздік жайдарман топтарының қатысуымен сайыс өтті.   Мақсат —  рухани Астананың жаңа келбеті мен ондағы оң өзгерістерді таныту.  Сонымен қатар, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуы қарсаңында жастарды жаңа қаланың келбетін қалыптастыруда белсенділікке шақыру. Республика көлемін қамтыған аталмыш жобаны Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының  “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастырды.

Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін ұйымдастырылған республикалық  жайдарман ойындарына Ақтөбеден “Фемида”, Талдықорғаннан «Шапалақ», Оралдан «Жаңа Толқын», Шымкенттен «Миллион», «Бүгін.КЗ», «Капитан» командаларымен «Қызылордадан «Қызылорда құрамасы», Алматыдан «Тесо.КЗ», «Ату»  және Жетісайдан «Сырдария құрамасы» жайдарман топтары қатысты. Сайысқа Түркістан облысы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Сейтжапбаров, Кентау қаласы Қоғамдық кеңес төрағасы Хайрулла Қожабаев пен Марат Достаев, Жанболат Досбол, Мейіржан Есенғараев есімді жайдарманшылар қазылық етті.

Қатысушы 10 команда ұтымды әзілдері мен өнегелі өнерлерін ортаға салды. Көрермендер қолдап, қазылар бағалады. Нәтижесінде,

3-орынды Талдықорғаннан келген “Шапалақ” тобы еншілеп, 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болса,

2-орынға  Ақтөбе облысынан келген  “Фемида” лайық деп танылып, арнайы кубок пен 300 000 теңгені қанжығаға байлады.

Түркістан облысы әкімінің кубогі мен 500 000 теңгені Шымкенттің  “Миллион” командасы алып, жеңімпаз атанды.

 

 

 

 

Exit mobile version