Жер жүзін аралап, әлемнің ғажайыптарын көзбен көру — кез-келген адамның арманы шығар. Жер бетіндегі жұмақ деп атауға келетін жерлер туралы jas.kz өз оқырмандарына ұсынады.

Памуккале, Түркия

Түркияның Денизлі ауданында орналасқан табиғи нысанда 17 түрлі геотермалды қайнақтар бар. Жақұттай аппақ террасалар ЮНСКО мұрасының тізімінде. Сонымен қатар, бұл қайнақтарда шомылуға тыйым жоқ.

Күріш террасалары, Қытай

Қытайдың атақты Longji Rice Terraces күріш террасалары өздерінің ерекше формасы үшін халық арасында «айдаһар қаңқасы» аталып кеткен. Гуйлинь қаласына жақын орналасқан, теңіз деңгейінен 300-1100 метр биіктікте. Ерекше нұрлана түсетін маусымы – көктем. Айналаның барлығы көкпен боялып, күннің жылы шуағы төгілгенде, бұл мекенде қыдыру сіздің must do тізімінізде болуы керек.

Пагана шіркеуі, Мьянма

Мьянма мемлекетінің ежелгі Паган қаласы қазіргі таңда шіркеу мен монастырлер көптеп табылатын археологиялық мекенге айналған. Солардың ішіндегі ең танымалы – Дамаянджи мен Ананда будда шіркеуі. Бұл ескі қаланы бір көрсеңіз, ұмыту қиын болады.

Метеор монастыр, Грекия

Грекиядағы зәулім монастыр кешені өзінің орналасу орнымен ерекшеленеді. Бұл қасиетті орын 600 метр биіктіктегі тау басында салынған. Жол, техника, құрылыс заттары болмаған 950-970 жылдары халықтың күшімен бой көтерген шіркеу — қазір де қаланың көрікті орындарының бірі.

Уюни шөлі, Боливия

Альтиплано жазықтығының оңтүстігіндегі кұрғаған көл Жер планетасындағы ең үлкен сор топырақты мекен болып саналады. Уюнидің айнадай тегіс бетіне бұлт шағылысып, әдемі көрініс сыйлайды.

Хитачи ұлттық саябағы, Жапония

Жапонияның Хитатинака қаласындағы саябақта жыл бойы қыдыра аласыз. Бұл жерде жылдың әр маусымында гүлдейтін өсімдіктер түрі бар. Сондықтан, қыс мезгілінде де көктемдей құлпырған табиғат қуанта алады.

Ад-Дэйр және Эль-Хазне, Иордания

Петра қаласындағы шіркеулер – қаланың басты ғимараты. Б.з І ғасырында таудан бөлініп алынған бұл қасиетті орын — қазір де мыңдаған туристердің асығатын мекені.

Мачу-Пикчу, Перу

«Бұлттар арасындағы қала» — әлемнің көрікті мекендерінің ішіндегі ең бір ерекшесі. Теңіз деңгейінен 2450 метр биіктікте орналасқан қала әуелде инктер императоры Пачакутектің қасиетті таудағы мекені есебінде салынған. Бұл үйде 1200 адам тұрған және барлығы XVI ортасында белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Алгарве үңгірі, Португалия

Португалиялық Алгарве қаласындағы жағажайда орналасқан үңгір де сіздің тізіміңізден орын алуы керек. Өйткені, үңгір ішінен қараған пейзажы, үңгір ішіне түсетін күн сәулесі басқа еш жерден табылмайтын эстетикалық ләззат сыйлары хақ.

Ленсойс-Мараньенсис ұлттық саябағы, Бразилия

Бразилияның Мараньян штатындағы ұлттық саябақ құмды филатлияларымен танымал. Бұл көрініс жаңбырлы маусымда әдемілене түседі. Оған себеп дюналар арасында толқынның пайда болуы.