Четверг, 14 ноября, 2024
No menu items!

Кенжебек Сержанұлының «МЕН ЕЛІМНІҢ САМҒАП ҰШАР ҚЫРАНЫ» атты шығармашылық кеші өтті

Басқа ақпараттар

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласы мен 100 жаңа есім бағдарламасы аясында Елордамыздың жас ақыны, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сержан Кенжебек Сержанұлының «МЕН ЕЛІМНІҢ САМҒАП ҰШАР ҚЫРАНЫ» атты шығармашылық кешін ұйымдастырып өткізді. Қазақ Ұлттық Өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы үлкен концерт залында өткен іс-шараға еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламент депутаттары, өнер саласы тұлғалары мен студент-жастар қатысты.

Шығармашылық кештің негізгі мақсаты — қазақ әдебиетінің жаңа ғасырға тоғысқан толқынды сәттерінде қазақ ұлтының қаншама дарынды жастары шығуына қарамастан, олардың шығармаларымен бүкіл дүйім жұртты таң қалдыру, шығармашылық жұмыстарымен таныстыру.

Сондай дарынды жастардың бірегейі жас ақын Кенжебек Сержанұлының балалық шақтан болашаққа қадам басар тұсында қазақ әдебиетіне, поэзия әлеміне өзіндік үлесін жас та болса қосып келе жатырғанынанан хабардар ету. Өзі жинақтаған 3 — кітабын халыққа көрсету арқылы, студент жастардың шығармаға деген ынтасын ояту. Шабытпен талай сырды ақтаруға бел буған Кенжебектей жастарды әдебиет әлеміне шақыру, олардың емін-еркін ойлай алуын, шалықтаған шабыттарымен талай әсем де сырлы дүниелерін өмірге әкелу.

Киелі де шежірелі маңғаз өлке Маңғыстаудың тумасы Кенжебек Сержанұлы мектеп қабырғасында жүріп-ақ,  ұлы адамдармен еркін сөйлесіп, өз облысының жаңалықтарын қалт жібермей өз пікірі мен ойын ашық жеткізіп, қолынан қаламын түсірмей жүрген жастардың бірі. Соның нәтижесінде болар, ол  Республика аймағындағы «Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан Пионері») газетінің жас тілшісі болып та талантын ұштады. Сонымен қатар, «Маңғыстау», Ақтау қалалық «Ақтау ақпарат» газеттерінің де редакциясының штаттан тыс тілшісі болды. Жастайынан бұғанасы қайтпай жатып, еңбекке араласа білді. Бүгінде Кенжебек Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің 3-курс студенті. Сол университеттің «Алаш жастары» бірлестігінің президенті.

Жас ақын — Республикалық «Еліме арнау» конкурсының, Маңғыстау облыстық «Болашақтағы пошта» сайысының т.б. байқаулардың жүлдегері. «Еліме арнау» облыстық байқауының «Жас тілші» номинациясының иегері. 2014 жылы алаш арысы Перуаш Кәрімұлының 100-жылдығына арналған ақындар сайысының (шығармашылық байқауының) лауреаты атанған.

2012 жылы «Табысты сайлау науқаны үшін» Құрмет белгісі, «Перуаш Кәрімұлына 100-жыл», «Қожаберген жырауға 350 жыл» мерейтойлық медалдарымен, «Нұр Отан» партиясының және Маңғыстау облысы әкімінің, Ақтау қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Ол — «Бейбіт елдің ұланымын» (2014), «Ғибратты ғұмыр» (2014), «Қалнияз едім күнінде» (2015) атты кітаптардың авторы.

Кеште Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов кеш иесін құттықтап, маңғаз өлке Маңғыстаудың тумасы Кенжебек Сержанұлына шығармашылықта толағай табыс тіледі. Республикалық Ардагерлер Кеңесінің төраға орынбасары, қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбайұлы жас ақынның талай қызықты оқиғаларымен бөлісіп, бүгінгі кешпен құттықтады. Кештің көңілді өтуіне бұлбұл дауысты әншілер, күйімен тербеген күйшілер, өлең шумақтарымен баураған әртістер септігін тигізді.

Ал «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қаныбек Жұмашев поэзия әлеміне жас та болса үлесін қосып жүрген ақынға жолының ашық болуын тілеп, ыстық ықыласын білдірді. Кенжебек Сержанұлына тілекжарды лебіздерін қоғам қайраткері Өмірбек Байгелди, профессор Мырзагелді Кемел, ҚР еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай да білдірді.

«Алтын алқа» иегері, 11 құрсақты дүниеге әкелген Кенжебек Сержанұлының анасы Бақтыгүл Тарғынбайқызы барша келген қонақтарға алғысын білдіріп, қуанышымен бөлісті. Жас ақын өнердегі бағыт-бағдар беруші ағаларының иығына дәстүрлі түрде шапан жауып, «Мен елімнің самғап ұшар қыраны» атты өлеңін тарту етті. 

МЕН ЕЛІМНІҢ САМҒАП ҰШАР ҚЫРАНЫ…

Ей, қалқам, бері қара бір сәтке,

Тентіреткен ұрпақ едік біз кеше!

Талайлардың аспанында қалықтап,

Ұран салған, атойлатып әлемде!

 

Ей, қалқам, бері қара бір сәтке,

Мен кешегі дұшпан жеңген Хан Кене!

Уызымнан қан ішкізіп дұшпанға,

Намысымды таттатпаған жерге де!

 

Ей, қалқам бері қара бір сәтке,

Рухы жатыр бабалардың күн(і) кеше!

Тарихында қызыл қанмен парақтап,

Ешбіреудің жазылмаған бетінде!

 

Ей, қалқам бері қара бір сәтке,

Мен қазақтың ұлы едім бірінде.

Күлтегіндер жатыр мол жастанып,

Бар жауларын бағындырған өзіне!

 

Ей, қалқам, бері қара бір сәтке,

Ет жейтін де біздің халық түсінде.

Басқа халық ішін ойлап күн кешсе,

Біздің халық дархан көңіл, ақ десе!

 

Бабалардан жеткен бізге жыр әні!

Бар қазақтың Алашы ғой тұмары!

Жүйрік аттай шулап, озып шығатын,

Мен елімнің самғап ұшар қыраны!

Мен елімнің самғап ұшар қыраны!..

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ,

 22.11.2017 жыл.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img