Басты бет Әдебиет БӘРІ ЖАЛҒАН

БӘРІ ЖАЛҒАН

Өмір деген — тамшылар өзендегі,
Алғыс – уақыт, өмірің өз ермегі.
Жүрген жандар кешегі бүгінде жоқ,
Көзден таса мұрсатта көз көргенің
Байқайсың байқам өмір өзгергенін.

Бұл өмірді бес күндік жалған дедік,
Мұрат соңын кеш білдік арман дедік.
Кеше бала, бүгінгі жігіттерді,
Бұрнағы күн ескірді шалдар дедік.

Уақыт міне, осындай қас қағым-ақ,
Есеп беріп үлгермей жас шағыңа.
Өмір жайлы жазсақ мол әңгіме,
Қалам, қағаз, шам қойып бас жағыңа.

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

Exit mobile version