Илья Ильин: Оларда «қазақтарға алтын медаль бермеу керек» деген «мақсат» бар

163

Ауыр атлет, әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин ауыр атлетикадағы әділетсіздектер жайлы айтты.

Оның айтуынша, Олимпиаларда жаһандық деңгейде қазақтарға «алтын медальды бермеу керек» деген «түсінік» не міндет қойылған.

«Токио Олимпиадасында спортшыларымыз жақсы өнер көрсетті. Бізге ол жерде ешкім алтын медальды бермейтін еді, біз екі қола алып келуді жоспарладық және алып келдік. Зульфия Чиншанлоның қалай өнер көрсеткенін көрдіңіздер, егер оған 2 балын есептесе ол 2 ші орынын алар еді.  Бірақ соңғы 4 жылдағы жанжалдардың кесірінен жаһандық деңгейде «қазақтарға алтын медальды бермеу керек» деген «мақсат» бар сияқты. Қола – жарайды, бірақ алтынды бермейміз деген», дейді спортшы.