Дәрігерлер ми ұзақ жыл жұмыс істеуі үшін үш ережені сақтау керек екенін айтты. Бұл туралы massaget.kz жазды.

Сарапшылардың пікірінше, мидағы деструктивті процестер тұқымқуалаушылыққа, климатқа және жалпы денсаулыққа байланысты болуы мүмкін. Дегенмен, кейбір ережелерді ұстануға кіріссеңіз, оның саулығын қамтамасыз ете аласыз.

  • Біріншіден, адам жеткілікті түрде ұйықтауы керек. Себебі, ми күнделікті жұмыстан шаршап, ұйықтаған кезде ғана қалпына келеді.
  • Екіншіден, үнемі жаңа нәрсені үйренуге талпыну керек. Оқу процесінде мида жаңа нейрондық байланыстар пайда болады, бұл оның тұрақты дамуына ықпал етеді.
  • Үшіншіден, дәрумендерді күні бойы қабылдау керек. Ол үшін көкөністер мен жемістерді жеу жеткілікті.