Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) британиялық Джеймс Келлиге (25-2, 10 КО) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде орта салмақтағы вакантты WBO Global титулы сарапқа салынды.

Қанат Ислам рингке шықпағалы бір жылдан асты. Ол 2021 жылы 20 ақпанда Майамиде өткен бокс кешінде эквадорлық Джейсон Минданы (14-6-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Ал Джеймс Келли былтыр 21 желтоқсанында Экклзде (Ланкашир, Ұлыбритания) отандасы Харри Мэттьюзді (16-51-3, 2 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірді.

Жекпе-жек жоспароанған 10 раундқа созылды. Тартысты айқастың соңында төрешілер жеңісті британиялық боксшыға берді. Осылайша Қанат Ислам мансабында алғаш рет жеңіліс дәмін татып отыр.