Биылғы 1-19 сәуір аралығында қайталама нарықтағы орташа баға шаршы метріне 622,8 мың теңгені құраған, деп хабарлайды Elorda.info «Крыша» сайтына сілтеме жасап.

Алматыда бірбөлмелі пәтерлердің орташа бағасы – 23,4 млн теңге. Екібөлмелілер – 33 млн теңге, ал төртбөлмелі пәтерлер 40 млн теңге тұрады.

Алматыдағы ең қымбат аудан – Медеу ауданы. Мұнда пәтердің шаршы метрі – 697,4 мың теңге. Бірбөлмелі пәтерлер – 24 млн теңге, екібөлмелі пәтерлер 40 млн теңге, үшбөлмелі пәтерлер 48 млн теңге шамасында.

Баға жөнінен екінші орында Бостандық ауданы тұр. Мұндағы пәтердің шаршы метрі – 693,2 мың теңге. Үшінші орында – Алмалы ауданы (шаршы метрі – 648 мың теңге). Бұл ауданда бірбөлмелі және екібөлмелі пәтерлер – 35 млн теңге, ал үшбөлмелі пәтерлер орташа есеппен 41 млн теңге тұрады.

Әуезов ауданындағы пәтерлердің бағасы орташа болып саналады. Мұнда екібөлмелі пәтерлер – 29 млн теңге, ал шаршы метрдің бағасы – 590 мың теңге.

Алматыда пәтерлер бағасының өсуі тоқтаған емес: бір жылда қаладағы пәтерлер 34%-ға қымбаттаған.

Арзан пәтерлер – Жетісу ауданында (шаршы метрі – 514,8 мың теңге). Одан кейінгі орындарда Алатау (бірбөлмелі пәтер – 22,5 млн теңге) және Наурызбай (18,5 млн теңге) батыр аудандары. Ал ең арзан пәтерлер Түрксіб ауданында екен, мұндағы бірбөлмелі пәтерлердің орташа бағасы – 19 млн теңге, екібөлмелі пәтерлер – 24 млн теңге, ал үшбөлмелі пәтер – 32 млн теңге.