Қазақстан Ұлттық банкінің базалық ставкасы ұлғайтылған соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мерзімсіз және қысқа мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың сәуірі мен мамырына ұсынатын максималды мөлшерлемелерді арттырды. Бұл туралы Dauletten.kz жазды.

Қазақстанның депозитттерге кепілдік беру қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзгерістер 2022 жылдың 26 сәуірінен бастап іске қосылады.

«Банктер осы күннен бастап, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы»,-делінген хабарламада.