Жайдарманшы Басаров Әліби Төлепбергенұлы Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Әліби Төлепбергенұлы 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. «Болашақ» университетін ақпараттық жүйелер мамандығында білім алған.

Алғаш еңбек жолын 2012 жылы «Қызылорда жастары» Қауымдастығының жоба үйлестірушісі болып бастады; 2013-2014 жж. «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының әкімгері; 2014-2017 жж. облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қалалық бөлім басшысы; 2017-2019 жж. қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің кеңесшісі; 2019-2020 жылдары «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі; 2016 жылдан «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.