Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Қапшағай қаласының 100 гектар алма бағы алғашқы өнімін береді

Басқа ақпараттар

Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді ауылының маңындағы алма бақ биыл алғашқы өнімін береді. 2011 жылы салынған интенсивті бақтың аумағы 100 га.

Тамшылатып суару әдісін қолданатын шаруашылық шамамен әр гектарынан 5-7 тоннаға дейін алма жинауды жоспарлап отыр. Бұл жерде алманың «голден делишес», «старкримсон», «заря алатау» сорттары өсірілуде. Кәсіпорын алғашқы өнімін Алматы қаласының сауда орындарына өткізбек. Бұл жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылды.

Сондай-ақ осы «НұрАгро» агрофирмасы 103 гектар аумаққа пияз өсіріп жатыр. Пияз алқабы да тамшылатып суарылады. Шаруашылық басшысы Қасымжан Жанұзақовтың айтуынша, тамшылатып суару әдісімен мол өнімге қол жеткізіп отыр. Пияз негізінен Ресей және Украинаға экспортталады.

 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img