Понедельник, 30 декабря, 2024
No menu items!

Өлі теңіздің атауы нені білдіреді?

Басқа ақпараттар

Өлі теңіздің неге олай аталатыны жайлы осы кезге дейін ойланып көріп пе едіңіз? 

Өлі теңіздің бетінде қалқып жатып сүйікті кітабыңызды сүйсіне оқи алатыныңыздан хабарыңыз бар ма еді?

Негізі, өлі теңіз деп ұзындығы 76, ені 18 километрден және  максимальды тереңдігі 400 метрден тұратын көлді атайды. 

  • Өлі теңіз біздің ғаламшардың ең төмен нүктесі есептеледі және әлемдік мұхиттан 417 метр тереңдікте төмен орналасқан.
  • Теңіздің «Өлі» деген атау алуына себеп болған: оның тұздылығының тым жоғары болуы (концентрациясы — 33%, 340 гр/л), яғни мұнда тірі организмдер мүлде тіршілік ете алмайды. Оған қоса Өлі теңіздің ағыстары да жоқ, сондықтан оған қосылған өзге сулар «қамалып» қалады. Теңіздің бетіндегі булану тұзға және минералдарға бай жоғары сапалы «коктейльдің»  пайда болуына әкеледі. Судағы минеральдық заттар көлемі 30% (Салыстырмалы түрде Жершары теңізі — 4%).

  •  Теңіз тұздылығы соншалық, онда түскен адам судың бетінде «қалқып» жата алады және суға кірген бойда, тіпті бұрын болған жарақаттардың өзі есіңізге түседі.
  • Еврей тілінде бұл теңіз «YamhaMaved» деп аталады. Яғни «Жан алғыш теңіз» деген мағынаны білдіреді екен.
Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз