Жайдарманның SUPER LIGA ойынының жартылай финалдық кезеңі өтті

Басқа ақпараттар

21 қыркүйекте Алматы қаласы CONCORDIA театрында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен SUPER LIGA ойынының жартылай финалдық кезеңі өтті.

Ойында Абырой(Шымкент қаласы), Дилигент(Алматы қаласы), Көршінің қызы(ҚызПУ), Джеки Шаңырақ(Шымкент қаласы), Ассамблея(Астана қаласы), Атлант SU(ҚазҰТЗУ), ҚТЖ құрамасы(Астана қаласы), Қыздар-ай(Алматы қаласы) командалары бақ сынады.

«Жұлдызды сәлемдесу» кезеңі бойынша сайысқа түскен командалар спорт, театр, медия, әлеуметтік желі жұлдыздарымен өнер көрсетті. Ойынға Дархан Карипов, Әлімжан Асқар, Медетжан Жаңабай, Қабдол Тілеков, Ермек Шынболатов сынды қонақтар қазылық етті.

Қорытынды бойынша финалдық кезеңге Абырой, Көршінің қызы, Дилигент, ҚТЖ, Джеки Шаңырақ, Ассамблея командалары финалдық кезеңге жолдама алды. Ақтық мәреде көріскенше!

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз