Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

Жасымық сорпасы

Басқа ақпараттар

Бүгінгі ас мәзірімізде жылдам әрі жеңіл дайындалатын, дәмді — жасымық сорпасы.

 Қажетті қоспалар:

  1. пияз
  2. сәбіз
  3. қызанақ
  4. қызанақ пастасы
  5. картоп
  6. жасымық (чечевица)
  7. тұз, дәмдеуіш, сарымсақ

Алдымен,  1 орташалау  пиязды(жуа) ұсақтап турап майға қуырамыз. Шалалау қуырылғаннан кейін,   дәл сондай сәбізді  де  шаршы пішіндес етіп турап, пиязға қосып  қуырып аламыз. Содан соң қызанақтың сыртқы қабығын аршып, оны да майға қуырып,  ас қасықпен жарты қасық қызанақ пастасын саламыз. (Қызанақты ыстық суға жусаңыз, қабығы тез әрі оңай алынады).

Қуырылғаннан кейін , 2-3 картопты да ұсақтап турап, 1 кесе жасымықпен (чечевица) қатар табаға салып үстіне қалаған мөлшеріңізде қайнаған  су құясыз.  Негізінде 1 кесе жасымыққа 2 кесе су жетіп қалады. Соңында  тұз бен дәмдеуіштерді салып,  дәмін келтіру үшін аздаған мөлшерде сарымсақ  қосуға болады.  Міне, осылай сорпаны 20 минут қайнатып алыңыз. Құрамындағы көкөністер піскеннен кейін, блендердің  көмегімен араластырыңыз.

 Тағам дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз