Мемлекеттік хатшы креатившіл жастармен кездесті

391

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Алматы қаласындағы сапарында медиа саласында танымал креатившіл бір топ жаспен және Маңғыстаудағы қуаңшылық кезінде бүкіл елден көмектесуге бастамашыл болған Құрмет Талапқазымен кездесті.

Бұл туралы мемлекеттік хатшы өзінің әлеуметтік желідегі өз парақшасында жариялады.

«Алматыда қазақтың мықты жас жігіттерімен кездестім. Жаңа Қазақстанды құратын осындай мемлекетшіл және жасампаз жаңа толқын» — деді Ерлан Тынымбайұлы.

Айта кетейік, Ерлан Қарин «Ирина Кайратовна» жобасындағы және «Ozen» лейблінің, т.б. жастармен байланысын өткен жыл соңында өткен «Qazforum 2021» онлайн-контент жасаушылардың форумында айтып берген еді.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы осы сапарында Алматыдағы бірқатар зиялы қауыммен де кездесті.