Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Қызылорда облыстық «Мектеп лига» және «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті

Басқа ақпараттар

Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 26 сәуір күні сағат 15.00-де облыстық «Мектеп лига» және сағат 18.00-де облыстық «Премьер лига» жайдарман ойындарының финалдық сайыстары өтті.

Командаларға әділ бағасын берер әділқазылар алқасының құрамында «Қызылорда КВН» филиалының директоры А.Басаров, ардагер жайдарманшы А.Бақтыбайұлы, кезіндегі «Мақтаншақтар» және «Қорқыт құрамасы» командасының белді ойыншысы Қ.Оспанов, республикалық «Премьер лига» жайдарман ойындарының 2013 жылғы чемпиондары «Тұңғыш Астана» командасының мүшесі А.Шөменов және қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов болды.

Сайыс екі кезеңді қамтыды. Сәлемдесу және жұлдызды көрініс. Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша:

Облыстық «Мектеп лигасы» бойынша: Чемпион 2018 – Байқоңыр қаласының «Бір үйдің балдары» командасы, жүлделі 2 орын – Арал аудандық оқушылар үйі «Дарын» командасы, 3 орын – Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылының «Бизнесмендер» командасы иеленсе, арнайы алғыс хаттармен қалалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығының «Интеллект» командасы, Жалағаш ауданының «Тәттілер» командасы иеленді.

Облыстық «Премьер лига» бойынша:   Чемпион 2018 – Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің «Қаз ГЮА құрамасы» командасы, жүлделі 2 орын – «Абылайхан» атындағы Жоғары колледжінің «Абылайхан қыздар құрамасы» командасы, 3 орын – М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық Жоғары колледжінің «Мәншүк құрамасы» иеленсе, арнайы алғыс хаттармен «Болашақ» медицина колледжінің «БМК құрамасы» командасы мен Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжінің «ҚГЭК жастары» командасы марапатталды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img