ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің бұйрығымен Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры қызметіне Манасов Берік Жамбылұлы тағайындалды.

Берік Манасов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болып табылады. Қаржы және қаржы құқығы саласында жоғары білімі бар. Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы қаржы талдаушысы болып бастаған. 2007 – 2008 жылдар аралығында қаржы ұйымдарында жұмыс істеген. 2008 жылдан 2013 жылға дейін «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2013-2014 жылдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бас менеджері, кейін Қазынашылық департаментінің директоры болды. 2018 жылдан бастап «ҚазАгрогарант»акционерлік қоғамының ішкі бақылау қызметінің бастығы.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры болып Хатепова Назгүл Серікқалиқызы тағайындалды.

Назгүл Хатепова Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ауыл шаруашылығы» мамандығы бойынша, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Еңбек жолын 2012 жылы сарапшы лауазымынан бастаған Назгүл Хатепова өзінің жоғары жеке және іскерлік қасиеттерінің арқасында Ауыл шаруашылығы министрлігінің түрлі лауазымдарда табысты жұмыс істеді.