Пандемия кезінде фрилансер ретінде жұмыс істеуге әбден үйреніп қладық. Шет тілдерін еркін меңгерген болсаңыз және халықаралық компанияларда жұмыс істегіңіз келсе, ғаламтор ұсынатын мүмкіндік көп. Онлайн жұмыс іздеуге болатын арнайы платформалар тізімін назарға ұсынамыз.

AngelList Talent. Платформаны әлемдегі №1 стартап-комьюнити деп атайды және ол қызметкерлер мен стартаптарға бір-бірімен байланысуға мүмкіндік береді. Бұндай жобаларда жұмыс істеу —  енді тәжірибие жинақтап жүрген жас маман үшін жаттығу алаңы.

Arc. Бұл сайт арқылы көбіне бағдарламалау саласын меңгерген адамдар жұмыс іздей алады. Үміткер тіркеліп, өзінің жеке парақшасын жасайды. Сайт жасанды сана негізінде жұмыс істейді және әлем бойынша бос жұмыс орнын ұсынады.

Authentic Jobs. Хабарландару аймағы дизайнер, бағдарламашылар, копирайтер, маркетолог сынды шығармашылық салалар бойынша жинақталған. Іздеу жүйенсінде Freelance екенін көрсетуді ұмытпаңыз.

Career Builder. АҚШ аймағындағы ең ірі жұмыс іздеу платформасы. Арнайы фрилансерлерге арналған бөлім жоқ, бірақ іздеу барысында telecommute немесе remote кілт сөздерін енгізу арқылы табуға боалды.

Cad Crowd. 3D-модельдеу, сызба және инжерлік дизайн саласы бойынша  тәжірибесі бар мамандарға арналған.

Contena. Копирайтер, редактор және өзге контент жасайтын мамандарға арналған платформа. Іздеу жұмыстарын бастамас бұрын, сайт өзіңіз туралы ақпарат сұрауы мүмкін. Фрилансерлерге арналған сайт болғанымен, кейбір адамдар толық қашықтан жасауға болатын жұмыс түрін таба алады.

Dribbble. Сайт цифрлы суретшілерге, гейм-дизайнер мен интерфейс дизайнерлеріне арналған.

Italki. Тіл үйренуге арналған халықаралық компания сонымен қатар жұмыс іздеуге де көмектеседі. Сіздің деңгейіңізді анықтай отырып, соған сәйкес сабақ бағасын анықтайтын болады.

Toptal. Қаржы саласы бойынша фрилансерлерді іздейтін сайт. Түрлі жобалар ұсынады. Арасында беделді қаржы компаниялары да бар.

Workana. Платформа негізі Оңтүстік Америка мен Шығыс Азия мемлекеттерінің тұрғындарына арналған, дегенмен әлемнің кез келген елінен қызметкер іздей алады.

HeadHunter. Ресейлік компания Ресей, Белорусия, Қазақстан аймағындағы ваканциялармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл жерде барлық сала бойынша жұмыс берушілер хабарландыру орналастырған.

Дереккөз: Massaget.kz