«AQYL BATTLE CUP» КТК РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.

Басқа ақпараттар

Зияткерлік сайысты «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі ұйымдастырады. Сайыс 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған және мемлекеттік тілде өтетін заманауи командалық ойын форматында өткізіледі.

Жоба мақсаты – Қазақстан жастарының білімге деген құштарлығын арттырып, заманауи қоғамдағы белсенді рөлін айқындап, шығармашылық пен зияткерлік дамуға жол ашу. Ойын форматы жастар арасында трендке айналған зияткерлік мәдениетті қолдап, білімге қызығушылықты күшейтуді мақсат етеді.

Сайыс кезеңдері — 17-23 мамыр аралығында сайыстың алғашқы кезеңі мемлекеттік маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында офлайн форматта ал еліміздің өзге аймақтарында ауыл жастарына ыңғайлы болуы үшін онлайн форматта «Aqyl Battle» мобильді қосымшасында өтіп, оған 1500-ден астам жас қатысты. Нәтижесінде 20 команда ақтық кезеңге жолдама алды.

Финалға қатысушылар – гранд-финалға еліміздің 20 аймағынан, республикалық маңызы бар қалалардан іріктелген командалар және шетелден (Қытай, Өзбекстан, Моңғолия) командалары қатысты. Сайыс нәтижесінде Солтүстік Қазақстаннан келген «Qyzyljar» командасы бас жүлде алып, 1 200 000 теңгені иеленді. Сондай-ақ, жүлделі орындарды Астана қаласы мен Абай облысының білімді жастары иеленді.

Жалпы жүлде қоры – 3 600 000 теңге. Жеңімпаздар білім мен логикалық қабілеттері арқылы осы қомақты қаржыға ие болуға таласқан еді.

Айта кетейік, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз