Алматы облысында жер кезегінде тұрғандар дайын үй алады – Ғалымжан Шалғымбаев

1226

Алматы облысында жыл соңына дейін 48 пәтерлі таун-хаус тұрғызу жоспарланып отыр, оның жалпы аумағы – 5918,4 шаршы метр, үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы пилоттық жоба болмақ. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкінің» Алматы облысы бойынша директоры Ғалымжан Шалғымбаев айтты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан бойынша инфрақұрылымды дамыту «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салынып жатыр. Бағдарламаның мақсаты тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Ғалымжан Шалғымбаевтың айтуынша, енді жерге кезекте тұрғандар жер ғана емес, дайын үй алатын болады.

«Бұл үйлерге үміткерлердің екі шарты болуы керек. Біріншісі олар жердің кезегінде тұруы керек, екінші «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» салымы болуы керек».

Тұрғызылатын үйлердің аумағы 80 және 123 шаршы метр, құны 1 шаршы метр үшін 120 000 теңге болады. Бағдарлама бойынша, әр адам үйдің жалпы құнының 30 пайызын жинауы керек, сосын банктен 5 пайыздық несие алады. Оған Жер комитетінде жер кезегінде тұрғандар ғана үміткер бола алады», – деді ол.