Понедельник, 30 декабря, 2024
No menu items!

Тісті қалай ағартуға болады?

Басқа ақпараттар

  Адам болғасын қашанда әсемдікті жанымыз сүйеді.  Ұнамайтын қасиеттермен күресіп, бойымыздағы «комплекстерді» жою үшін  тырысып бағамыз.  Мысалы, әрбір бойжеткен күлген кезде тісінің көз шағылыстыратындай аппақ болғанын қалайды.  Яғни «голливудтық күлкіні».

Қазіргі таңда тісті ағартатын пасталар, не болмаса арнайы аппараттар бар. Сол сияқты  стоматологиялық орталықтарға бармай-ақ үй жағдайында да  айтарлықтай шығынсыз, түрлі тәсілді пайдаланып,  жақсы нәтижеге жетуге болады.  Бірнеше тәсілін ұсынайын.

  1. Құлпынай. Күніне бір мезгіл  тіс щеткаңыздың үстіне құлпынай  шырынын жағып тісіңізді шайып тұрыңыз. Бұл тісіңізге зиян келтірмей ағартатын  бірден-бір тәсіл. Сонымен қатар тісті құрғақ сүт ұнтақтарымен де жуып тұрсаңыз айтарлықтай нәтижеге қол жеткізесіз.
  2. Тұзды су. Таңертең ұйқыдан тұрған уақытта тісіңізді тұзды сумен шайсаңыз, тістің ағарғанымен қоса ауыз қуысындағы жарақаттар жазылып, қызыл иек қатайып, жағымсыз иіс шықпайтын болады.
  3. Сода. Тісіңізді тазаларда тіс пастаңызға аздап сода қосыңыз. Бірақ бұл тәсілді жиі қолданбаған жөн. Аптасына 1-2 рет жасасаңыз да жеткілікті. Себебі, сода тістің эмалын кетіріп жіберуі мүмкін.

Айта кетейін, тістің негізгі түсі — сары. Ал «сау тіс ақ болуы керек» деген сөз адамдардың ойлап тапқаны ғана.

Күліп жүріңіздер!

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз