Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы волонтерлерінің форумы өтті

1319

2017 жылдың 27 қазанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы волонтерлерінің форумы өтті. Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ерікті ретінде өз үлестерін қосқандарды марапаттау үшін бір ортаға жинады.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев еріктілерді құттықтап, еңбектерін бағалай отырып марапаттарын табыстады. 82 жаста волонтер болып қызмет атқарған Лигай Марияны Ермек Әмірханұлы арнайы марапаттап, алғыс білдірді. Тамыз айының үздік супервайзері деген атаққа Абулова Самал ие болып, мақтауқағазбен марапатталды. Ал үздік волонтер деп Тоқанов Санжар танылып, оған велосипед сыйға тарту етілді. Танымал әнші Алтынай Жорабаева «Елімнің жүрегі – Астана» әнін шырқап, еріктілерге өзінің ілтипатын білдірді.