Пятница, 18 октября, 2024
No menu items!

«Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағына 5 жыл

Басқа ақпараттар

Биыл, «Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағының құрылғанына 5 жыл. Осы уақыттан бері 1500-ге жуық жас темірдей тәртіпке бағынып,  құқық бұзушылықпен күресіп келеді. Олардың бірі Қуаныш Төкен. Басқару колледжінің 3-ші курс студенті, тәртіп сақшыларымен рейдтік шараларға шығып, әкімшілік хаттама толтырып, қаланың қауіпсіздігін сақтауға үлесін қосуда.

Астана қаласы бойынша жас сақшылардың қатысуымен 1 жылда 50 құқықбұзушылық әшкереленді.Іс сотта қаралып,  әкімшілік айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары, ізбасарларының еңбекқорлығы мен отансүйгіштігіне сүйсіне қарап, жоғары бағасын берді.

Бұл жылы  студенттер жасағының құрамы 200 жаспен толықты. Бүгін, белсенділігімен көзге түсіп,  міндетін жақсы атқарғандар марапатталды. Бұл олардың шабытын шалқытып, жұмысын одан әрі нәтижелі орындауға серпін бермек. Жастар,  ұлағатты ісімен елге үлгі болған аға буынның алғысын алды.

Жастардың патриоттық сезімдерін еселеуге эстрада жұлдыздары жалынды әндерін орындады. Тыңдармандардың рухын асқақтатып, жандарын жадырата түсті.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img