Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі шегерілді

Басқа ақпараттар

Қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың утилизациялық алым алумен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деген тапсырмасын орындау үшін Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Осы қаулымен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысу үлесі мемлекет меншігіне қабылданғаны айқындалды.

Министр хабарлағандай, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің жаңа операторы ретінде мемлекеттің 100% қатысуымен «Жасыл Даму» АҚ анықталды. Жарғылық капиталда АҚ-ның басқа меншік иелері жоқ.

Утилизациялық алым мөлшерлемелерін қайта қарау үшін Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оған жұртшылық, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

«27 қаңтарда кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының мүшелері қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады», – деді С. Брекешев.

Бұл шешім кабель-сым өнімдерін импорттаушылармен және өндірушілермен талқылау кезінде қабылданды. «Атамекен» ҰКП қорытындысында утилизациялық төлемді ынталандыру ережелері мен есептеу әдістемесіне түзетулер ұсынылды.

Экология министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі, ол мемлекеттік органдармен келісілу сатысында.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img