Нұр-Сұлтанда Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен колледждер мен университет студенттері арасында IT-байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жарысқа қатысуға еліміздің 107 команда өтініш білдірген. 230 студенттен құралған 72 команда финалға қатысты. Қатысушылар білім беру саласында қолдануға арналған цифрлық жобаларды ұсынды. Жүлде қоры – 3,5 миллион теңге.
Жеңімпаз студенттер ақшалай сыйлықтармен қоса, Daryn online, BTS Education, EDUS және басқа да қазақстандық IT-компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне де ие болды. Кейбір командалар өз жобаларына инвесторлар тауып үлгерді. Қазылар алқасының шешімімен Nazarbayev University және Astana IT University студенттері жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Назарбаев университетінің тағы бір командасы жеңіп алды.
Үшінші орын Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Suleyman Demirel University және Astana IT University студенттеріне бұйырды.
«Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! Барлық қатысушыға қызық идеялары үшін алғысымды білдіремін», — деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.