Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Егер оразаға, жалпы діни мәселеге қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан діни ақпарат беру орталығы ашылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Жамағаттың сұрағына дер кезінде жауап беретін орталықтың нөмірі: 33-30-30. Орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының кодын теру арқылы телефон шалуға болады. Дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тілдерінде сұрақтарға жауап береді, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.