Жүргенов академиясында «Qyzğaldaq-2022» ІІ Халықаралық студенттік конкурс-пленэрі өтті

1227

2022 жылдың 25-27 сәуір аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия галереясы және «Көркемсурет» кафедрасының  ұйымдастыруымен «Qyzğaldaq-2022» ІІ Халықаралық студенттік конкурс-пленэрі өтті.

Байқауға «Кескіндеме» бағыты бойынша (бейнелеу өнері, дизайн және қолданбалы өнер саласы) Қазақстан және өзге елдердегі жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.

Нәтижесінде Қазақстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің онға жуық университетінен 20-дан аса студент өнер бәйгесінде бағын сынады.

26 сәуір күні конкурс-пленэр қатысушылары «Шарын» шатқалына (Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы обл.) саяхат жасап, табиғат көрінісінен этюд жазды.

Ал 27 сәуірде олар Алматы қаласының тарихи, мәдени орындарымен, көрікті жерлерімен танысып, шаһарды аралады.

Сондай-ақ, осы күні (27 сәуір) байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері анықталып, жабылу салтанатында марапатталды.

Конкурстық комиссия құрамында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының профессор-оқытушылары, Қазақстанның белгілі суретшілері және шетелдік суретші мамандар болды.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша жеңімпаздар мен арнайы номинация иегерлері анықталды:

Бас жүлде (Гран-При) – Арыков Дыйканбек (Тұрғынбай Садыков атындағы Ұлттық өнер академиясы, Қырғызстан Республикасы)

І дәрежелі диплом  –  Смагулова Жанель (Қазақ ұлттық өнер университеті «Шабыт»)

ІІ дәрежелі диплом  –  Омуркулов Баяман (Тұрғынбай Садыков атындағы Ұлттық өнер академиясы, Қырғызстан Республикасы)

ІІІ дәрежелі диплом –  Сқақова Ақерке (Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы)

«Ең үздік композициялық шешім» Хан Санг  (Оңтүстік Корея, Чунгнам Ұлттық университеті)

«Ең үздік колористік шешім»  –  Еркін Қайнар  (Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университеті, «Өнер, мәдениет және спорт» институты)

«Ең үздік табиғат көрінісі»Атанбаев Әлім (Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы)

«Көрермен көзайымы» –  Мәдіберген Нұрдәулет (Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы)