Қазақстанда 1 шілдеден бастап несие мен бөліп төлеу рәсімдеу талаптары қатаңдатылуы мүмкін

Басқа ақпараттар

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие мен бөліп төлеу алу шарттары едәуір қатаңдауы ықтимал. Ұлттық банк жаңа макроэкономикалық құрал — борыштың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл халықтың несие жүктемесін азайтуға шынымен әсер ете ме?  BAQ.kz тілшісі осы мәселені саралап көрді, деп хабарлайды Jas.kz.

Бұған дейін банктер негізінен қарыз жүктемесі коэффициентіне сүйенсе, енді клиенттің жалпы берешегі мен табысының арақатынасы да есепке алынбақ. Мұндай тәсіл қарыз алушының қаржылық жағдайын дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жаңа коэффициентті енгізу мәселесі нарық қатысушыларымен және екінші деңгейлі банктермен талқыланып жатыр. Оны тек жалпы қаржылық бағалауда ғана емес, кепілсіз тұтынушылық несиелер, ипотека және автонесиелер секілді нақты несие түрлеріне де қолдану жоспарлануда.

Ұлттық банктің ұстанымы: несиелеу тоқтамайды

Ұлттық банктің мәліметінше, бұл шаралар халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар реттеуші орган несиелеуді толық шектеу мақсаты жоқ екенін атап өтті.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл туралы:

«Несие саны азайды, бұл – жақсы үрдіс. Себебі бизнесті дамытуға арналған қарыз көлемі артты. Азаматтар табысына қарай өмір сүре бастады. Біздің мақсат – тұтынушылық несиелеуді толық тоқтату емес. Сондықтан бұл тетікті енгізу мерзімі әлі талқыланып жатыр. Соңғы шешім қабылданған жоқ», – деді.

Осылайша, реттеушінің негізгі мақсаты – несие нарығын тоқтату емес, ондағы тәртіпті күшейту.

Несие нарығын «салқындату» мақсатында Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірқатар шектеу енгізіп үлгерді.

Атап айтқанда, кепілсіз тұтынушылық несиенің ең жоғары сомасы 9,5 миллион теңгемен, ал микронесиелер шамамен 4,8 миллион теңгемен шектелді.

Бұдан бөлек, 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға жаңа кепілсіз несие беруге тыйым салынған.

Бұл шаралар банк тәуекелдерін азайтып, проблемалық несиелердің өсуіне жол бермеуге бағытталған.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз