Понедельник, 25 ноября, 2024
No menu items!

Комиссияға жүктелер жауапкершілік зор

Басқа ақпараттар

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен облыс әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері мен олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мәселе бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің санын кезең-кезеңмен қысқарту, баламалы нысандарды дамыту, «Балалар үйінсіз Жетісу» жобасының жүзеге асырылуы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова баяндады.

Оның айтуынша, облыста жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 3071 бала бар. Қазіргі кезде соның 83,5%-і немесе 2564 бала отбасылардың асырауына берілген. Оның ішінде 2446 бала қамқорлыққа алынған, 70-і патронаттық тәрбиеге, 48-і отбасылық үлгідегі үйлерге орналастырылған. Биылғы жылдың 5 айында жетім балалар үйлерінен 23 бала өз отбасына оралды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан бірқатар кемшіліктер де орын алып отыр. Облыстың біраз аудандарында, атап айтқанда Ақсу, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандарында «Балалар үйінсіз Жетісу» жобасының шеңберіндегі шаралар бәсең жүруде. Жамбыл, Райымбек, Ұйғыр, Алакөл, Балқаш аудандарында патронаждық тәрбие дамытылмаған немесе баяу дамуда.

Л. Базарқұлова патронаттық тәрбиені дамыту мақсатында биылғы жылы облыстық бюджеттен 143 млн. 295 мың теңге бөлінгенін айтты. Сонымен қатар 2018 жылға патронаждық тәрбиеге 60 баланы орналастыру жоспарланған.

Облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар комиссия жұмысын ширату қажеттігін, туындап отырған мәселелерге байланысты комиссия мүшелері тарапынан жанды ұсыныстар берілмей отырғанын айтып өтті.

— Аяушылық білдіру аздық етеді, бізге нақты шаралар қажет. Әлеуметтік сауалнама жүргізіңіздер, балалардың қандай мәселелері бар екенін анықтаңыздар. Бұл тәрбиеге де, оқытуға да байланысты. Алдымен балалардың пікіріне құлақ түріңіздер. «Балалар – біздің болашағымыз» деген нақылды жиі айтамыз, сол балаларға қажетті көмек пен қолдау көрсету, толыққанды әлеуметтендіруге қолайлы жағдай жасау — тікелей міндетіміз, — деді Ж. Омар.

Жастар саясаты жөніндегі басқарманың жұмысы да сынға алынды.

— Сіздердің басты мақсаттарыңыз – жұмыссыз жастармен жұмыс жүргізу. Ең алдымен соларға нақты қолдау көрсетіп, кәсіпті меңгерулеріне, тұрақты жұмысқа орналасуларына жәрдемдесулеріңіз керек. Сіздер жастардың қанша пайызының арнайы білімі бар, қаншасының білімі жоқ, қаншасы жұмыспен қамтылған, қаншасы қамтылмаған – осының бәрін білулеріңіз керек. Жағдайға тұрақты талдау жасап, соның қорытындысы бойынша ұсыныстар берулеріңіз қажет. Флешмобтар өткізу – біздің жұмысымыздың көрсеткіші емес, нақты шараларды жүзеге асыруымыз керек, — деді Ж. Омар.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары комиссия мүшелеріне облыстың аудан, қалаларына шығып, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар туындаған мәселелерді анықтау мақсатында жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу туралы тапсырма берілді. Тағы бір маңызды бағыт – құрамына бизнес-құрылымдардың, ҮЕҰ-ның өкілдері және басқа да бұл мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтар кіре алатын патронаждық ұйымдар тімізін қалыптастыру қажет.

Сол сияқты Ж. Омар өзінің жеке бастамасы бойынша түрлі жобаларды жүзеге асыра отырып, тиісті нәтижеге қол жеткізетін үкіметтік емес ұйымдардың рөлін атап өтіп, осы құрылымдарға қолдау көрсету мәселелерін қарастыруды тапсырды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img